17 кәсіпорын жұмыс орнын қысқартпауға уағдаласты

Қызылорда облысы Шиелі ауданында орналасқан 17 ірі кәсіпорын мен шаруа қожалықтары жұмыс орынын қысқартпауға, жұмыс орындарын сақтау, лайықты еңбек жағдайын жасауда барлық мүмкін шараларды қабылдауға уағдаласты. Бұл ынтымақтастық келісімі Шиелі аудандық мәдениет үйінде өткен әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аудандық үш жақты комиссия отырысында Әлеуметтік әріптестермен қол қойылған Меморандумдарда бекіді.

Аудандық үш жақты комиссия отырысын аудан әкімі Нариман Мақұлбеков ашып, жүргізді.

Комиссия отырысына қатысқан аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Марат Бәйімбетов еңбек қатынастары саласында жұмыс берушілер мен жергілікті биліктің және кәсіподақтың бірлесіп жұмыс жасауының маңыздылығын атап өтіп, әлеуметтік әріптестерді ұйымдардағы қалыпты еңбек ахуалы мен кәсіпорын тұрақтылығы мақсатындағы шараларды бірлесе атқаруға шақырды.