Еңбек қауіпсіздігі – басты назарда

“Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы” аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлі «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Манкент ауылында орналасқан “Али” бөбекжайы» жеке мекемесіне барып қайтты.


Кездесу барысында Бердіғали Өмірәлі еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау, еңбек қатынастарын реттеу және жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында техникалық инспекторлардың құқықтары мен өкілеттіктеріне тоқталып, осы ретте күнделікті жұмысын ұйымдастыруына көмектесетін нақты ақпараттармен бөлісті.
Сондай-ақ құқықтық көмек көрсету мақсатында Кәсіподақтар орталығында «Заң клиникасы» мен «Татуласу орталығы» құрылып, кәсіподақ мүшелеріне тегін қызмет көрсетіліп жатқандығы жөнінде айтып өтті.
Айта кетерлігі, бүгінде “Али” бөбекжайы» жеке мекемесінде 22 еңбеккер жұмыс атқарады. Олардың барлығы – 100% кәсіподақ мүшелері.