Ең бастысы – елге адал қызмет ету

23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні аясында елордалық мемлекеттік қызметкерлер құттықтаулар мен марапаттарға ие болды. Республикамыздағы мемлекеттік қызметшілердің рөлі зор. Олар билік пен қарапайым халық арасын жалғайтын алтын көпірге айналуы тиіс. 

Мемлекеттік қызметшілердің қызметі мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған, олардың мойнында мемлекеттің және елдің әрбір азаматының әл-ауқаты үшін жауапкершіліктің күрделі ауыртпалығы бар.

22 және 23 маусымда «Қызмет» салалық кәсіподағының Төрағасы Мирболат Жақыпов және оның орынбасары Атақозы Нұрланов “ҚР Президенті Әкімшілігі және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, ҚР ПІБ ҚР Президенті Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы “ШЖҚ РМК,” Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің аппараты “ММ, «Нұр-Сұлтан қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ, «Нұр-Сұлтан қаласының қаржы басқармасы» ММ”, «Нұр-Сұлтан қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ және басқа да мемлекеттік органдар мен ұйымдар қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы бастауыш кәсіподақ ұйымдарына барып құттықтау лебіздерін білдірді.

Кездесулер жылы достық атмосферада өтті. «Қызмет» салалық кәсіподағының өкілдері кәсіподақтың ең белсенді мүшелеріне көп жылғы адал жұмысы, өзінің лауазымдық міндеттеріне жауапты көзқарасы үшін Құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табыстады.

Сондай-ақ, салалық кәсіподақтың Орталық кеңесі атынан кейбір бастауыш кәсіподақ ұйымдарына ҚР Кәсіподақтар федерациясының санаторийлерінде 30% жеңілдік сертификаттары берілді.