Қарағанды облысының ең ірі құрылыс кешені еңбек ұжымдары мүшелерінің мәселелері “Қалың қалай, бастауыш үйым?” акциясы аясында қаралды

«Қалың қалай, бастауыш ұйым?» республикалық акциясы аясында «Central Asia Cement» АҚ және «Карцемент» АҚ бастауыш кәсіподақ ұйымдарының кәсіподақ мүшелерімен онлайн-кездесу өтті.

Бастауыш кәсіподақ ұйымдарына онлайн – сапарда Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Тінікеев, Қарағанды облысы Кәсіподақ орталығының төрағасы Болат Жұмабеков, Құрылыс кешені және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің Салалық кәсіптік одағы Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Айқын Ахметов, «Central Asia Cement» АҚ және «Карцемент» АҚ персоналмен жұмыс жөніндегі департаментінің бастығы Ирина Полуйчик, «Central Asia Cement» АҚ бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Әділ Мезгілбаев, «Карцемент» АҚ бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Татьяна Мосунова қатысты.

Қарағанды цемент зауытының бірінші технологиялық желісі 1953 жылдың 23 қыркүйегінде іске қосылды. 1998 жылы акциялардың бақылау пакетін малайзиялық кәсіпкерлер сатып алып, кәсіпорын «Central Asia Cement» деп аталды. Осыдан кейін дымқыл әдістің бір ғана технологиялық желісінде өндіріс қайта жанданды. Біртіндеп, цементке сұраныстың өсуімен Қазақстанның ішкі нарығында цемент өндірудің басқа үш желісі іске қосылды. 2004 жылы цемент өндірудің құрғақ тәсілі желісін қазіргі заманғы талаптар мен технологияларға сәйкес жаңғырта отырып, қалпына келтіру туралы шешім қабылданды.

Қазіргі уақытта кәсіпорында 12 цех жұмыс істейді, онда 796 адам еңбек етеді.

Әлеуметтік әріптестік шеңберінде «Central Asia Cement» АҚ, «Карцемент» АҚ қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы мен жұмыс беруші өкілдерінің арасында 2021 жылы Ұжымдық шарт жасалды, онда Жұмыс берушінің қызметкерлерге және отбасы мүшелеріне санаторий-курорттық емделуге жолдамаларды 75% мөлшерінде, еңбекке жарамсыздық парақтарын 90%-ға дейін төлеу қарастырылды.

Сондай-ақ, жыл сайын жалақыны инфляция пайызына индекстеу жүргізіледі. 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап кәсіпорын қызметкерлерінің жалақысы 17%-дан37% – ға дейін сараланған түрде арттырылды.

Кездесу барысында «Central Asia Cement» АҚ, «Карцемент» АҚ қызметкерлері еңбек ұжымының және Теміртау қаласы Ақтау кенті  тұрғындарының қажетті тауарлар бағасының өсуіне және кәсіподаққа кіру үшін қызметкерлерді ынталандыру тәсілдеріне қатысты өзекті мәселелерін қою мүмкіндігіне ие болды.

Мұхтар Тінікеев кездесуге қатысушыларға Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Қазақстан Республикасы Үкіметінің жұмыс комиссияларында жүргізіп жатқан жұмыстары туралы айтып берді. Сондай-ақ, әлеуметтік серіктестіктегі Бас келісімнің иерархиясын атап өтіп, Еңбек Адамының құқықтарын қорғауды толық іске асыру үшін кәсіподақ көшбасшыларын сайланбалы органдарға ұсынуды жандандыруға қосымша назар аударды.

Акция барысында Қарағанды облысының Кәсіподақ орталығының Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен Қарағанды облысының құрылыс материалдарын өндіру саласындағы кәсіподақ қозғалысын дамытуға қосқан адал еңбегі мен жеке үлесі үшін еңбек ардагері, буып – түю және жөнелту цехының бастығы Любовь Тункина, бас технолог – Нурали Ахмеджанов, қазандық қондырғысының инженер-жылу технигі Оксана Семикоз марапатталды.

Кездесу соңында барлық қатысушылар әлеуметтік әріптестік тараптарына белсенді бірлескен жұмысы және еңбек ұжымдары мүшелерінің мәселелері бойынша оң шешімдер қабылдағаны үшін алғыстарын білдірді.