Жастар мәселесі талқыланды

Павлодар облысының кәсіподақ ұйымдарының өкілдері ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі А. С. Даниловпен корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік практикасын дамыту және кәсіпорындарда жастардың әлеуетін іске асыру туралы талқылады.

Кездесуге «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС – 1» ЖШС бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Т. Чигвинцева, «Қазақстан алюминийі» АҚ бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы М. Уәлиханов, «Батыр Көмір» жергілікті кәсіподақ» ҚБ төрағасы, «ПМХЗ» ЖШС бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы М.Хамитов, «КSP Steel» – ЖШС бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы- Е. Аралов, Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің «Келешек» жастар кеңесінің төрағасы, Павлодар қалалық мәслихатының депутаты Г.Атабаева  және «УПНК» ЖШС өкілдері қатысты.

Талқылау барысында М.Уәлиханов «Қазақстан алюминийі» АҚ кәсіпорнында жас қызметкерлерді тарту, онбординг және олардың әлеуетін дамытудың үздік тәжірибелері туралы айтып берді.

Сондай-ақ, М.Хамитов аймақ және ел кәсіпорындарындағы жас көшбасшылар үшін тәжірибе алмасу бағдарламасын әзірлеу бойынша өз ұсыныстарын айтты.

«Бүгінгі таңда Павлодар облысында кәсіподақ ұйымдарының 133 мың мүшесі бар, олардың 38%-ын жастар құрайды. Биылғы жылы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар саясатының жаңа тұжырымдамасын әзірлеуде, біз еңбек жастары мен мектептегі кәсіптік бағдар беру үшін Тұжырымдаманың ерекше блогын бөлу қажет деп санаймыз», – деп ұсыныс берді Г.Атабаева.