ҚРКФ төрағасының Құрбан айт мерекесімен құттықтауы

Құрметті достар!

Баршаңызды ұлық мереке – Құрбан айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Мұсылман қауымы үшін мүбәрак мерекенің орны әрқашан бөлек. Бұл – елдің береке-бірлігін бекемдейтін, қанағат пен қайырымдылықты арттыратын мейрам. Құрбан шалу кісіні шүкіршілік пен тәубаға, аманатқа адалдық пен сертке беріктікке шақырады.

Алла тағала баршамыздың айттан айтқа аман жетуімізді жазсын, ағайын! Келешегімізді кемел, жүзімізді жарқын етсін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, бірлігіміз бекем, бауырымыз бүтін болсын!

Құрбан айт мүбәрак болсын!

Ізгі ниетпен, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин