Татуласу орталығында азаматтарды қабылдау жүргізілді

Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің «Татуласу орталығының» алаңында облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Ольга Әділжанованың қатысуымен азаматтарды қабылдау өткізілді.

2015 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін О.Әділжанова Павлодар облыстық адвокаттар алқасының адвокаты ретінде азаматтарға білікті заң көмегін көрсетеді және үлкен жұмыс тәжірибесі бар.

Қабылдауға жеке тұратын ата-анасымен бірге баланың тұрғылықты жерін анықтау, конкурстық комиссияның шешімін бұзу, атқарушылық іс жүргізу, мәмілені өтті деп тану, еңбек шартын бұзу және жұмысқа қайта алу туралы бұйрықтың күшін жою мәселелері бойынша өтініш берушілер жүгінді.

Жеке өтініштер кәсіподақтардың татуластыру орталығы қызметкерлерінің тұрақты бақылауына алынды, азаматтардың өтініштері бойынша қажетті іс жүргізу құжаттары жасалды.
Қабылдауға кәсіподақтардың татуластыру орталығының басшысы, сот жүйесінің ардагері, кәсіби медиатор  М.Иванова қатысты.