Жас суретші бас жүлдені жеңіп алды

Балалар жылына орай Түркістан облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Түркістан қаласында “Ұлы дала елі” орталығында “Бал таңдай” өнер фестивалі аясында “Менің туған жерім” атты суретшілер байқауы өтті.


Аталған байқауға Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Түркістан облыстық ұйымына кіретін “Шапағат-педагог” кәсіподағына мүше №29 К.Тленшин атындағы жалпы орта мектебінің бейнелеу өнері және сызу пәнінің мұғалімі  Бақытбек Шанкеевтің жетекшілігімен  Сымбат Дүйсенбек және “Шапағат-педагог” кәсіподағына мүше “Оқу-өндірістік комбинат” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мұғалімі Ольга Патчаеваның жетекшілігімен Беназир Асанова қатысты.

Жас қаламгерлер арасындағы өткен өнер байқауында сайрамдық суретшінің қағазға қылқаламмен бейнелеген жұмысы жоғары бағаланып,  Сымбат Дүйсенбек бас жүлдені қанжығасына байлады.

Жас суретшілерге аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі қолдау білдірді.