Кәсіподақ табиғат аясында демалыс ұйымдастырды

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы жариялаған әлеуметтік әріптестік жылы аясында «Central Asia Cement» АҚ және «Карцемент» АҚ жұмыс берушілерімен бірлесе отырып, Құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жұмыскерлерінің Салалық кәсіподағының Қарағанды облыстық филиалы қызметкерлерінің бастауыш кәсіподақ ұйымдары 600-ден астам қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері үшін Самарқанд су қоймасының жағалауындағы «Самал» санаторийінде «Family day» атты бірлескен демалыс ұйымдастырды.

Ұжымдық демалыс бағдарламасында арқан тарту, волейбол және шағын футбол бойынша спорттық жарыстар ұйымдастырылды.

Балаларға ойын-сауық бағдарламасын аниматорлар көңілді және әсем өткізді. Табиғатқа бірлесіп шығу қатысушылары ұйымдастырушыларға керемет демалыс, қуанышты кездесулер, дәмді және алуан түрлі тағамдар үшін алғыс білдірді. Қызметкерлер мен отбасыларға керемет көңіл-күй сыйлайтын осындай іс-шаралар ұжымдық келісім-шарт аясында өткізіліп, еңбек ұжымын біріктіреді.