Павлодарда татуласу орталығында азаматтардың мәселелері қаралды

Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің татуласу орталығында «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі, Павлодар облыстық мәслихатының депутаты Гүлмира Нұрханова облыс тұрғындарын қабылдады.


Қабылдауға татуластыру орталығының басшысы М.Иванова қатысты.

Депутатқа жастар практикасы бойынша жұмысқа орналасу, тәртіптік жазаға тартылу, әлеуметтік атаулы көмек алу мәселелері бойынша өтініш берушілер жүгінді.

Өтініш берушілер еңбек заңнамасы және әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша заңгерлік кеңес алды.

Барлық өтініштер кәсіподақтардың татуластыру орталығының тұрақты бақылауына алынды.