Бастауыш кәсіподақ ұйымының қал-жағдайымен танысты

«Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында «YNTYMAQ» орта және кіші бизнес жұмыскерлерінің салалық кәсіподағының төрағасы Лесбай Қозбахов Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Қарамұрт ауылында орналасқан “Вундеркинд” мектеп-гимназия жеке мекемесінің бастауыш кәсіподақ ұйымының қал-жағдайымен танысты.


Кездесу барысында әлеуметтік әріптестік жылындағы қоғамдық қызмет пен өзара іс-қимыл перспективалары және мекемедегі жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында техникалық инспекторлардың құқықтары мен өкілеттіктері түсіндіріліп, аталған бағыттағы жұмыстар талқыланды.

Сондай-ақ, ашық диалог түрінде өткен кездесуде кәсіподақ мүшелері өздерінің көкейіндегі сауалдарын қойып, пікір алмасты.