Кәсіподақ қолдауымен балалардың жазғы демалысы жақсы ұйымдастырылуда

Павлодар облысы Аққулы ауданының білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымы филиалының ұйымдастыруымен жыл сайын жазғы уақытта білім саласындағы кәсіподақ мүшелерінің балаларына және кәсіподақ мүшелеріне жазғы демалыс ұйымдастырылады.

Бір аптаның ішінде балаларға арналған спорттық жарыстар, логикалық квест және шығармашылық ойындар, тақырыптық кештер, саяхаттар, алау алдында әуендерді тыңдау, Бөлектау мен Абылай хан тауларына көтерілу, сонымен қатар, Қазақстан – Боровое жерлерін тамашалау күтіп отыр.