Қостанайда бильярдтан республикалық турнирге теміржолшылар іріктелді

“ҚАЗКӨЛІККӘСІП” салалық кәсіподағының 30 жылдығына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес Қостанай филиалы “ҚТЖ” ҰК”АҚ құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері, ерлер арасында бильярд бойынша іріктеу турнирін өткізді. Жарыс салауатты өмір салтын насихаттау, бильярдты танымал ету және ойын шеберлігін арттыру мақсатында өткізілді.

Турнир “Шеффилд” бильярд клубында өтті. Үздік атағына таласқан жеке есепте 14 теміржолшы бақ сынасты.

Барлық қатысушылар бильярд ойнаудың жақсы дағдыларын және жеңіске деген ұмтылысын көрсетті.

Турнир қорытындысы бойынша Қостанай магистральдық желі бөлімшесінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімі басшысының орынбасары Дулат Есмаков I орын, Қостанай сигнал беру және байланыс арақашықтығының электр механигі Дәурен Кошенов II орын, Қостанай пайдалану вагон депосының вагон паркінің сақталуы жөніндегі тексеруші Серік Исмағұлов III орын алды.

I және II орын алған іріктеу турнирінің жеңімпаздары 2022 жылғы 28-29 шілдеде Нұр-сұлтан қаласында өтетін “ҚАЗКӨЛІККӘСІП” салалық кәсіподақ турнирінің финалына қатысады.