Еңбек адамы – тракторшы Виктор Крюков

Тракторшы мамандығы – жұмысшы мамандықтарының бірі және сұраныстағы мамандық. Ауыл шаруашылығы, құрылыс, ағаш дайындау, жол салу және жөндеу, пайдалы қазбаларды өндіру – бұл тракторшылар қажет болатын салалардың аз ғана бөлігі.

Виктор Валерьевич Крюков 1961 жылы 24 қыркүйекте дүниеге келген. 1982 жылы өзінің еңбек жолын Тобыл орман шаруашылығы Пригородный орманшылығында қарапайым жұмысшыдан бастады. Ал 1993 жылы оны МТЗ-82 тракторшы етіп тағайындады. Міне, 40 жыл бойы кәсіподақ ұйымының мүшесі болып табылады.

Виктор Валерьевич өз ісіне жауапкершілікпен қарайды, қажет болған жағдайда жедел шешім қабылдайды. Ол орманды, орманның орамдарын, орман соқпақтарын, жолдарын жақсы біледі, сондықтан орман өрттерін жоюға көмек көрсетеді. Тракторының соңғы бұрандасына дейін біледі, тракторын күтіп ұстайды.

Виктор Валерьевич ұжымда құрметке ие. Әріптестері “әрқашан кеңес пен іспен көмектесетін өте сыпайы, қамқор және жауапты адам” деп сипаттайды.

Орман байлығын сақтау мен арттырудағы көп жылдық, адал еңбегі үшін “Пригородное орман шаруашылығы мекемесі” КММ басшылығының Құрмет грамоталарымен бірнеше рет марапатталған.

“Жұмыс істейтін адам үшін табысқа жетудің кілті сүйікті ісімен айналысу. Мен өз жұмысымды жақсы көремін. Орман шаруашылығында жұмыс көп. Демалуға және ештеңе жасамауға уақыт жоқ. Орманда әрдайым жұмыс бар. Қыста да, жазда да” – деп айтады Виктор Валерьевич.