Еңбек озаттары марапатталды

Металлургтер күні мерекесіне орай «Қазхром» ТҰК Ақсу ферроқорытпа зауыты» АҚ, «Қазақстан алюминийі» АҚ, «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ, «КЅР Steel» ЖШС ПФ, «ERG Servise» АҚ, «Майқайыңалтын» АҚ, Павлодар құбыр илек зауыты басшылығы бірлесіп, тау-кен металлургия саласы кәсіпорындарының бастауыш кәсіподақ ұйымдары арасында мерекелік іс-шара өткізді.

Жұмыскерлерді ведомстволық, корпоративтік және кәсіподақ наградаларымен марапаттау рәсімі өтті.

«Құрмет тақталары» жаңартылды, онда жоғары кәсібиліктің, жұмысқа жауапкершілікпен және адал қараудың үлгісі болып табылатын өндіріс озаттарының фотосуреттері орналастырылды.

«Кәсіби мерекеде біз экономиканың ең үлкен саласының қызметкерлерін ерекше мақтанышпен құттықтаймыз, баршаңызға зор денсаулық пен амандық тілейміз. Әлеуметтік әріптестіктің жоғары деңгейінің, еңбек ұжымдарының, басшылықтың және кәсіподақ ұйымдарының бірыңғай жұмысының арқасында барлық кәсіпорындар өндірістік нәтиженің жоғары дәрежесін көрсетуде, қабылданған ұжымдық шарттар бойынша міндеттемелер орындалады», – деп атап өтті «Қазметаллкәсіп» тау-кен металлургия салалық кәсіптік одағы» ҚБ төрағасының орынбасары Р.Даумова.