Қоғамдық қабылдаулардың көмегі көп

Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы Мақсұт Нәлібаев Шиелі ауданына қарасты елді мекендерде қоғамдық қабылдау жүргізді.

Шиелі ауданының Майлытоғай, Талаптан, Бәйгеқұм ауылдық округтерінде өткен қоғамдық қабылдаулар барысында облыстық кәсіподақ төрағасы азаматтардың әлеуметтік-еңбек жағдайлары мәселелері бойынша түсіндірме жасады.

«Азаматтардың жүгінетін сұрақтары негізінен әлеуметтік мәселелерді қамтиды. Ол – су, жол, дәрігерлік көмек алу мәселелері. Сонымен қатар, ел арасында жұмыссыздық мәселесі, жұмыс істейтін жастарға көмек мәселелері де өзекті. Қоғамда еңбек қатынастарын реттеу мәселесіндегі кәсіподақтар рөлін қоғамдық қабылдау барысында түсіндірме жасап, құқықтық кеңес беремін. Сонымен қатар түрлі мәселелердің заңнамалық реттелуі бойынша сұрақтарға да жауап беріп, азаматтардың жүгінген мәселелерін тиісті диалог алаңдарында көтеруге, шаралар қабылдауға жұмыс жасаймыз» дейді Мақсұт Нәлібаев.