Жартыжылдық жұмыс қорытындысы жасалды

«Павлодар облыстық ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК-ның 2022 жылғы 1-жартыжылдықтағы жұмысын қорытындылау бойынша кеңес өтті. Жиналысты «Павлодар облыстық ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК басшысы М.Апсаликов ашты.


Талданған кезеңнің қорытындысы бойынша Павлодар облыстық ветеринариялық станциясы басшысының орынбасары Б.Абдрахманов сөз сөйлеп, қалалық және аудандық бөлімдердің бірінші жартыжылдықтағы қызметін рейтингтік бағалаудың қорытындысын жариялады.

Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі Павлодар облысының ветеринария басқармасының тиімді әлеуметтік әріптестігін атап өтті.

«Лайықты еңбек пен әлеуметтік әділеттілік қағидаттарын ілгерілету әлеуметтік әріптестік тараптарының тиімді өзара іс-қимылына байланысты. Әлеуметтік әріптестік әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеудің тиімді тетігінің міндеттерін шешуге, әлеуметтік тұрақтылық пен қоғамдық келісімді қамтамасыз етуге жәрдемдесуге арналған. Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі кәсіподақ қозғалысын қолдағаны және ілгерілеткені, ветеринария қызметкерлерінің ірі біріккен кәсіподақ ұйымын құруға көмек көрсеткені, еңбек қатынастарын жетілдіру мақсатында әлеуметтік әріптестікті тиімді дамытқаны үшін Павлодар облысының ветеринария басқармасына алғыс білдіреді», – деді Павлодар облыстық аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары М.Иванова.

«Павлодар облысы бойынша ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ филиалының төрағасы П.Сурма ветеринария саласындағы өндіріс озаттарына кәсіподақ марапаттарын табыс етті. Павлодар облысы ветеринария басқармасының «Павлодар облыстық ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК басшысы Марат Апсаликовты «Елеулі еңбегі үшін» салалық кәсіподақ наградасымен марапаттау рәсімі өтті.

Облыстың ауыл шаруашылығы (ветеринария) саласындағы көп жылғы адал еңбегі, ұжымның қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін II дәрежелі «Еңбек Даңқы» салалық белгісімен Железин ауданы Башмачное ауылының ветеринариялық пункт меңгерушісінің м. а. Элимес Мұхамеджанов, Павлодар ауданы Ефремовка ауылының ветеринариялық пункт меңгерушісі Қалижан Бейсенбаев, Екібастұз ауданы Ақкөл ауылдық округінің ветеринариялық дәрігері Амантай Арымбеков, Павлодар қаласы ветеринариялық пункт меңгерушісі Ерлан Ақылжанов марапатталды.

Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Құрмет грамотасымен Павлодар облысы ветеринария басқармасының «Павлодар облыстық ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК басшысының орынбасары – бас бухгалтері Сәуле Ахметова марапатталды.

Іс-шара соңында мекеме басшысы М.Апсаликов жеңімпаздарды және марапатталғандарды құттықтап, әрбір еңбек ұжымына алдағы уақытта да еңбекте табыс тіледі.