Кәсіподақ мүшелері арасында жарыс өтті

«Қызмет» Павлодар облыстық филиалының бастауыш кәсіподақ ұйымдары ұжымдардың өмірін түрлі іс-шаралар өткізу арқылы әртараптандырады. Павлодар қаласының Халыққа әлеуметтік қызмет көрсету орталығының бастауында тек өз қамқорлығындағылардың ғана емес, сондай-ақ қызметкерлердің де денсаулық мәселелеріне мән беріледі.

«Денсаулық біздің қолымызда» ұранымен ыстық күнде бұлтсыз ашық аспан астында спорттық іс-шара өткізілді. Өйткені, денсаулық – адам өміріндегі ең құнды байлық, ал қозғалыс – денсаулық сақтау қоймасы.