“Yntymaq” кәсіподағының бастауыш ұйым төрағалары басқосты

Қызылордада “Yntymaq” кәсіпкерлік жұмыскерлерінің салалық кәсіподағының облыстық филиалы құрамындағы бастауыш ұйым өкілдері басқосты.

Облыстық салалық кәсіподақтың кеңес отырысында аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы Мақсұт Нәлібаев алғысөзбен ашып, облыстық салалық ұйымның төрағасы Марат Бәйімбетовке салада кәсіподақтар қозғалысын нығайту жолында сәттілік тіледі. Кеңес отырысын жүргізген Марат Бәйімбетов күн тәртібіне сәйкес ұйымның облыстық комитетін құру, жұмыс жоспарын пысықтау қажеттінін атап өтті. Кәсіподақтардың жұмыс қағидаларын тізбектеген төраға өңірде салалық кәсіподағына мүше ұйымдарда атқарылып жатқан жұмыс барысын айтып өтті. Бастауыш ұйым төрағалары ұйымдардағы еңбек жағдайлары туралы ақпаратпен бөлісті.

Кәсіподақтар орталығы бас маманы Майра Боранбаева Кеңес отырысын кәсіподақ төрағаларына арналған әдістемелік семинар сабақпен жалғастырды. Кеңес отырысы қорытындысымен облыстық комитет құрамы бекітіліп, алдағы жұмыс бағыттары нақтыланды.