“Еңбеккер бейнесі” айдарында – медбике Ералиева Баян Сералиқызы

Медбике, мейірбике, мейіргер, аяжан… қалай атаса да –ол науқасқа мейірімін төгуші болып қала береді.

Дертке шипа, денге саулық сыйлайтын сол ардақты мамандық иелерінің бірі Ералиева Баян Сералиқызы 1970 жылы 2 желтоқсанда Қызылорда қаласында дүниеге келген.Ол №1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында аға аяжан болып еңбек етеді.

Жалпы еңбек өтілі 33 жыл, әлеуметтік саладағы еңбек өтілі 31 жыл. 1997 жылдың шілде айынан бастап осы орталықта аяжан болып еңбек етіп, өз біліктілігін көрсете білді. Әріптестер арасында құрметке ие Баян Ералиева еңбекқор, білікті де білімді маман, мекемеде өткізілетін түрлі іс-шараларға, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысады. Елің сені елесе, Еңбегіңнің жанғаны – демекші 2022 жылдың 17 маусымында Медицина қызметкерлерінің күніне орай Б.Ералиева «Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің облыстық салалық кәсіподағының «ЕҢБЕК ОЗАТЫ» медалімен марапатталды.