Кәсіподақ ардагерін мерейтоймен құттықтады

«Павлодар облысының Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі кәсіподақ қозғалысының ардагері Владимир Анатольевич Стрелковскийге мерейлі 80 жасқа толуымен салтанатты түрде құттықтады.


1950 жылы құрылған Павлодар облыстық кәсіподақтар кеңесіне биыл 72 жыл толды. Осы жылдар ішінде кәсіподақтар өз қызметінің басты мақсаты кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық, еңбек құқықтары мен мүдделерін білдіру және қорғау, барлық еңбекшілердің құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету болып табылады.

1999 жылдан бастап Владимир Анатольевич Стрелковский 14 жыл бойы Павлодар облысының кәсіподақ бірлестіктерінің қызметін үйлестіретін Павлодар облыстық кәсіподақтар кеңесін басқарды.

Оның басшылығымен өңірдің кәсіподақтары еңбек адамының құқықтары мен мүдделерін қорғады, қызметкерлердің лайықты өмірі мен еркін дамуын қамтамасыз ететін жағдайлар жасауға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды әзірлеу бойынша үлкен жұмыстар жүргізді, еңбек заңнамасының сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асырды.

Бүгінде қазақстандық кәсіподақтар – тұрақтылықтың тірегі, жаңа қазақстандық экономиканы құруға баға жетпес үлес қосқан әлеуметтік-еңбек қатынастарының негізгі элементі.

Павлодар өңірінің кәсіподақ қозғалысын дамытуға қосқан зор үлесі үшін Владимир Анатольевич «Құрмет» орденімен, ТМД елдерінің жалпыға бірдей кәсіподақтар конфедерациясының «Кәсіподақ қозғалысына сіңірген еңбегі үшін» күміс белгісімен, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының «Кәсіподақтарға сіңірген еңбегі үшін» белгісімен, «Еңбек ардагері» медалімен және 5 мерекелік медальмен марапатталды.