Павлодарда мұнай саласының үздіктері анықталады

Павлодарда Павлодар мұнай құбыры басқармасы базасында 2022 жылғы 26 шілдеде оқшауланған құрылымдық бөлімшелерде өткен 1-тур жеңімпаздары арасында «ҚазТрансОйл» АҚ-ның «Мамандығы бойынша ең үздік» атағы үшін кәсіби шеберлік байқауының екінші кезеңі басталды. Байқауда Атырау, Маңғыстау, Құлсары, Ақтөбе, Қарағанды, Жезқазған, Павлодар, Шымкент мұнай құбыры басқармаларының, Шығыс және Батыс операторлық қызметтер басқармасының жоғары білікті мамандары өздерінің кәсіби шеберліктерін көрсетеді.


Байқаудың негізгі мақсаты қызметкерлердің білімі мен кәсіби шеберлігін жетілдіру, жұмысшы мамандығының беделін арттыру және корпоративтік рухты дамыту болып табылады.

Мамандарды практикалық тапсырманы орындау сапасы, теориялық дайындық деңгейі бойынша конкурстық комиссия бағалайды.

«Мамандық бойынша ең үздік» атағы үшін күрес 4 номинация бойынша өтеді: желілік құбыршы, электргазбен дәнекерлеуші, технологиялық жабдықты (технологиялық қондырғыларды) жөндеу жөніндегі слесарь, электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электр монтері. Байқауға компанияның құрылымдық бөлімшелерінен барлығы 39 мұнай құбыры қатысады.