Қарағанды өңірінде жұмыс орындарында кәсіподақ кездесулері жалғасуда

Қарағанды облысының салалық және жергілікті кәсіподақтарының аумақтық құрылымдарының өкілдері жұмыс орындарында жұмыскерлермен және жұмыс берушілермен ақпараттық-түсіндіру кездесулерін жалғастыруда.


Еңбек дауларының алдын алуға және шешуге жәрдемдесу мақсатында көмір өнеркәсібі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы өкілдігінің төрағасы Абай Сәбденов кәсіпорындарға барып, «РАПИД» ЖШС көмір өндіру кәсіпорнының құрылтайшы – директоры Андрей Беловпен және «ҚҰЛАН-КӨМІР» ЖШС Бас директоры Нұрлан Құлжақаевпен кездесті.

Ашық диалог барысында Қазақстан Республикасының конституциялық реформасы мен еңбек заңнамасындағы өзгерістер азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға, қоғамды одан әрі демократияландыруға бағытталғаны атап өтілді. Кәсіподақтар жұмысшылардың мүдделерін білдіре отырып, кәсіпорындардың тұрақты жұмысына, өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және әділ еңбекақы төлеуге мүдделі. Кәсіподақ көшбасшылары мен жұмыс берушілер – еңбек қатынастарын құқықтық реттеудегі әлеуметтік әріптестер.

Қарағанды өңірінің көмір саласы кәсіпорындарындағы кездесулер нәтижесінде «ҚҰЛАН-КӨМІР» ЖШС бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылды және «РАПИД» ЖШС да құру талқылау және шешім қабылдау процесінде.