Ұстаздар отбасында үшем дүниеге келді

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Жәнібек ауылында кәсіподақ мүшелерінің отбасында үшем дүниеге келді.

Үшемнің әкесі Елдос Базарбайұлы аудандық мектептен тыс жұмыстар орталығында қосымша білім беру педагогы қызметін атқарады. Ал зайыбы, үшемнің анасы Ақмарал Жұмазова № 1 мектеп-лицейінде физика-информатика пәндерінің мұғалімі.

Осыған дейін 2 бала тәрбиелеп отырған жас отбасы Әмина, Рәмина, Мәдина есімді арулармен толықты.

Соған орай Батыс Қазақстан облыстық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының төрағасы Даупаев Марат үшемнің әкесіне кәсіподақ атынан ақшалай сыйы мен гүлшоғын табыстады.