Әлеуметтік әріптестікті дамыту және еңбек қатынастарын реттеу мәселелері қаралды

“Түркістан облысының кәсіподақтар орталығы” аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасының орынбасары Айдар Бахтыбаев пен “Қызмет” мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы” қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық филиалының төрайымы Күлдар Есебаева, Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Леңгір қаласының әкімі Нұргелді Құлышовпен кездесті.

Кездесуде “Әлеуметтік әріптестік жылы” аясында, өңірдегі еңбеккерлердің еңбек құқықтарын қорғау мен еңбек жағдайларын жақсарту, айлық жалақыларының уақтылы төленуі, еңбек қауіпсіздігінің сақталуы, еңбек наразылықтарының алдын алу бойынша кәсіподақ ұйымдарының еңбек ұжымдарындағы жағдайға ықпалын арттыру арқылы еңбек дауларының туындауына жол бермеу, сондай-ақ кәсіподақ ұйымдарының жұмысын жандандыру мақсатында еңбеккерлер арасында кәсіподақ ұйымдарына сенімді нығайтуға бағытталған шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру бағытында жүргізіліп жатқан жұмысқа қатысты мәселелер қаралды.