Бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшесі Еуропа чемпионы атанды

Дене шынықтыру мен спортты насихаттау, салауатты өмір салтын қалыптастыру теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Қостанай филиалы қызметінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.


Осы орайда «ҚАЗКӨЛІККӘСІП» филиалының төрағасы Ғафу Несіпбаев Мирас Баршлықовты грек-рим күресінен Бухарестте (Румыния) өткен халықаралық турнирде алтын жеңіп алған Еуропа чемпионы атануымен құттықтады.

Мирас Баршлықов Железорудный станциясындағы жылжымалы құрамды жөндеу жөніндегі слесарь болып жұмыс істейді, бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшесі, Қазақстан Республикасының спорт шебері, грек-рим күресінен Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі, Қазақстанның 3 дүркін чемпионы, Қазақстанның 2 дүркін күміс жүлдегері болып табылады.

«Өндірістік міндеттерді спорттық жетістіктермен табысты үйлестірген қызметкерлер үлгі болып табылады», – деп атап өтті Ғафу Несіпбаев.

Қазіргі уақытта Мирас Баршлықов Түркияда өтетін мұсылман елдері арасындағы Олимпиада ойындарына дайындалуда.