Жалақыға берешек кәсіпорындар мәселесі қаралды

Қызылорда қалалық әлеуметтік әріптестік үшжақты комиссиясы отырысы өтті.

Комиссия отырысына аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Марат Бәйімбетов, облыстық салалық кәсіподақ төрағалары Серік Мырзаханов, Раушан Үмбетова қатысты. Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Ақзира Қасымова төрағалығымен өткен коммссия отырысы күн тәртібінде қалада жұмыс жасайтын кәсіпорындарда қазірде қалыптасып отырған жалақыға берешегі бар кәсіпорындар мәселесі қаралды.

Жиында жұмыскерлердің жалақыларын тез арада алып, кәсіпорындарда әлеуметтік тұрақтылықты сақтау маңыздылығы баса айтылды. Жалақыдан бөлек, тиісті міндетті төлемдерді төлемей отырған кәсіпорындар да тізбектеліп, мәселелері талқыланды. Комиссия отырысында жұмыс берушілерге жалақы, әлеуметтік төлемдер бойынша берешектерін шұғыл түрде мерзімді төлеу міндеттелді.