Көлік қызметкерлері күніне орай еңбек озаттары марапатталды

Тамыз айының бірінші жексенбісі Қазақстанда көлік қызметкерлерінің кәсіби мерекесі атап өтіледі. Көлік қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шаралар «Қазақстан теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ Павлодар филиалының әрбір бастауыш кәсіподақ ұйымында өткізіледі.


«Қазақстанның теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ Павлодар филиалы басшылықпен бірлесіп ұжымды әлеуметтік дамыту, еңбек жағдайларын жақсарту, қызметкерлерге материалдық-тұрмыстық, медициналық қызмет көрсету мәселелерін шешеді.

Мерекелік күн қарсаңында жыл сайынғы дәстүр бойынша салтанатты іс-шараларды өткізу аясында үздік қызметкерлердің фотосуреттері бар жаңартылған Құрмет тақтасы ашылды.
Өндірістің отыз сегіз озатының еңбек үлесі наградалармен белгіленді.