Өзенмұнайгаздық кәсіподақ белсенділерінің екінші тобы оқудан өтті

Еліміздің үшінші мегаполисінде «Өзенмұнайгаз» жұмысшылары жергілікті кәсіподағының мүшелерінің екінші легі оқу семинар-тренингке қатысты. Жиынға «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы, «Ұлттық құрылтай» мүшесі Бауыржан Әлтеев, «Қызылорда облысы кәсіподақтар орталығы» АКБ бас маманы Майра Боранбаева және кәсіподақ активі мен мүшелері қатысты.


Семинарда сөз алған аумақтық кәсіподақтар орталығының төрағасы Бауыржан Әлтеев ұсынылып отырған білім сағатының маңыздылығына тоқталып, тренингтің берері мол екендігін атап өтті.

Кәсіподақ мүшелеріне еліміздің Еңбек заңнамасы мен оны қолдану тәжірибесі, әлеуметтік әріптестік, ұжымдық шарттарын сақтау, еңбек дауларының алдын алу және оларды басқару мен шешу жолдары, Келісім комиссиясының жұмысын ұйымдастыру, еңбек демалысы, әлеуметтік демалыс жайлы баяндама жасалды. Тренингте Майра Боранбаева тақырып аясында баяндама жасап, жан-жақты толық түсіндіріп, қатысушыларды ақпараттандырып өтті. Ал тыңдаушылар сұрақтарын қойып, ойларын ортаға салып, тұщымды жауаптар алды.