Кәсіподақ мүшелері азық-түлік бағасын тұрақтандыруға өз үлестерін қосуда

Бұл жайтқа Ақтөбе облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің және ауыл шаруашылығы салалық кәсіподағы «Пригородный» ЖШС бастауыш кәсіподақ ұйымымен кездесу кезінде көз жеткізді.

«Пригородный» ЖШС Ақтөбе облысының тұрақтандыру қоры үшін көкөністерді негізгі жеткізуші болып табылады және сыйымдылығы 8000 тоннаға дейін көкөніс сақтайтын қоймасы бар өңірдегі ірі шаруашылық болып табылады және халықты әлеуметтік маңызы бар азық-түлікпен қамтамасыз етеді.

«Пригородный» ЖШС бастауыш кәсіподақ ұйымы 2000 жылдары құрылып, ауыл шаруашылығы салалық кәсіподағына алғашқылардың бірі болып кірді.

Ауыл шаруашылығы саласының кәсіподақ жетекшісі Тұрақбай Сұлтанғалиевтің айтуынша, бұл шаруашылықтың барлық қызметкерлері кәсіподақ мүшелері болып табылады, Ұжымдық шарт шеңберінде жұмыс берушімен іскерлік ынтымақтастық орнатылған, жақсы әлеуметтік кепілдіктер, уақтылы жалақы және инфляцияға байланысты жалақыны жыл сайын индекстеу қамтылған.

Кәсіподақ мүшелерімен кездесу барысында егін жинау науқаны басталып кеткен болатын. Біздер  кәсіподақ мүшесі – шаруашылықтың бас агрономы Гизаттулла Ерменовпен жақсы диалог жүргізе алдық. Оның айтуынша, ол Кеңес заманынан бері кәсіподақтың мүшесі болып келеді және  кәсіподақтар еңбекшілердің еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғайтындығын атап өтті. Сол себептен ол кәсіподақ қызметін толық қолдап, жас ұрпаққа тәлімгер болуға дайын.

Өз сөзінде Гизаттула Ерменов кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандырудағы жемісті еңбегін атап өтті, өйткені олар өнімнің көп бөлігін азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында тұрақтандыру қорына тапсырады. Биыл 1,5 мың тонна картоп, 300 тонна сәбіз, 200 тонна қырыққабат пен қызылша тапсыруға жоспарланған.

Өз кезегінде аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің басшылығы кәсіподақ мүшелеріне өнім бағасын тұрақтандыруға қосқан үлесі үшін алғыс айтып, бастауыш кәсіподақ ұйымдары мүшелерінің қандай проблемалармен бетпе-бет келетінін, қандай көмекке мұқтаж екенін түсіну біз үшін маңызды екенін атап өтті.

Бастауыш кәсіподақ ұйымдарының мүшелерімен кездесулер жалғасады, біз жұмысшылармен осындай ашық диалогта еңбек жанжалдарын болдырмау мен өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу жұмыстарын жүргізетін боламыз.