Әлеуметтік мәселелер жан-жақты талқыланды

Бұған дейін әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Қарағанды облысының үшжақты комиссиясының отырысында «Облыс ұйымдарының міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды аударуы жөніндегі істердің жай-күйі туралы» мәселе қаралған (24.12.2021 жылғы № 12 хаттама).


Талқылау барысында тараптар кәсіпкерлердің міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) және әлеуметтік аударымдарды (ӘА) уақтылы аудармағаны үшін көзделген айыппұл санкцияларын қолдануға және бизнес субъектілері мен қоғамдық бірлестіктерге санкцияларды қолдану жөніндегі тәсіл критерийлерінің болуына байланысты проблемаларды көтерді.
Бүгін әлеуметтік әріптестік тараптарының ұсынысы бойынша бірлескен ұсынымдар әзірлеу мақсатында Қарағанды облысының Кәсіподақ орталығы Қазақстан Республикасында жеке кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу қауымдастығымен бірлесіп ZOOM-конференция режимінде мемлекеттік органдардың шағын және орта бизнес субъектілеріне, қоғамдық бірлестіктерге қатысты әкімшілік ықпал ету шараларын қолдануымен байланысты мәселелер бойынша мүдделі мемлекеттік мекемелердің, кәсіподақтар бірлестіктерінің, кәсіпкерлердің қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Қазақстан Республикасындағы жеке кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу қауымдастығының президенті Владимир Быковтың пікірінше, қазіргі уақытта салық қызметтерінің кәсіпкерлердің шоттарын бұғаттау тәртібі бөлігіндегі тәсілін қайта қарау және осындай шешімдерді қабылдауға негізді қарау, қаражаттың уақтылы аударылмауының немесе қайтарылмауының мән – жайлары мен себептерін, сондай-ақ кәсіпкерге не заңды тұлғаға МЗЖ және ЖО бойынша аударымдарды қайтару туралы хабарлау қажеттігі туралы ескеру қажет.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері (басшысы – Әнуар Мәдиев) Қазақстан Республикасының салық заңнамасының өзекті мәселелері мен құқық қолдану бойынша толық түсініктеме берді.

Дөңгелек үстел жұмысы барысында қатысушылар практикалық тәжірибелерімен бөлісіп, Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша өз ұсыныстарын берді және жеке кәсіпкерліктің мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылының, еңбек қатынастарын реттеудің өзекті мәселелерін талқылады.

Ашық мүдделі диалогта өткен кездесудің соңында қатысушылар ұсыныстар пакетін қалыптастыруға және одан әрі шешу және практикалық іске асыру үшін уәкілетті органдарға жіберуге шешім қабылдады.