Жамбыл облысында «Еңбек Жолы» республикалық байқауының жеңімпаздары анықталды

Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссия отырысында «Еңбек Жолы» республикалық байқауының өңірлік деңгейдегі қатысушыларға дауыс беру арқылы жеңімпаздар анықталды.

Бұл конкурс 3 номинациа бойынша өтті. «Үздік еңбек әлуеті» номинациясы бойынша, темір жол саласында жалпы еңбек өтілі 394 жылды құрайтын Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданының Рысқұловтар отбасы жеңіске ие болды.

«Жұмыс істеуші жастардың ең үздік тәлімгері» номинациясы бойынша, «Казфосфат» ЖШС-нің «Көк-Су» кенішінің жарғышы, жалпы 40 жылдан астам еңбек өтілі бар, өндірісте жылдар бойы жас мамандарды тәбиелеген Нұрлан Кәрімұлы Бүркітбаев жеңіп алды.

«Өндірістің үздік жас маманы» номинациясы бойынша жас ғалым, Жамбыл аудандық орталық ауруханасының дәрігері – Сандуғаш Исмаилқызы Белбасарова жеңіске жетті.

«Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы» аясында еңбек адамының қоғамдағы мәртебесін арттыруда кәсіподақ ұйымдарының өкілдері де белсенділік танытып отыр.