“КазПетролГрупп” компаниясында бастауыш ұйыммен кездесті

Қызылордада “КазПетролГрупп” серіктестігінің әкімшілік кеңсесінде “Yntymaq” кәсіпкерлік жұмыскерлерінің салалық кәсіодағы облыстық филиалы төрағасы Марат Бәйімбетов компанияның бірқатар жауапты мамандарымен кездесті.

Кездесуге аумақтық кәсіподақтар бірдестігі бас маманы Майра Боранбаева, компания жұмыскерлерінің бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағасы Азамат Қалжанов қатысты. Әлеуметтік әріптестік аясында кәсіподақтар қызметінің негіздерін түсіндіру мақсатында ұйымдастырылған кездесу барысында облыстық салалық кәсіподақ төрағасы Марат Бәйімбетов кәсіподақ ұйымдарының құрылу тәртібі, кәсіподақ мүшелерінің құқықтары, әлеуметтік әріптестікті дамыту тетіктері бойынша заңнамалық тұрғыда ақпараттармен бөлісті.

Пікір алмасу алаңында компанияның әлеуметтік мәселелер жөніндегі маманы, заңгер, кадр маманы ұйымның тыныс-тіршілігі, жұмыскерлердің өндірістік-тұрмыстық жағдайы туралы әңгімеледі. Кездесуде компаниядағы ұжымдық шартты қайта қарау бойынша пікір алмасылылды.