Көлік қызметкерлері кәсіби мерекеге орай марапатталды

Елімізде жыл сайын тамыз айының бірінші жексенбісі күні көлік саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтіледі. Бүгінде қоғам өмірін осы сала мамандарынсыз елестету қиын. Осы орайда «Көлік қызметкерлері күні» мерекесіне орай, салтанатты құттықтау іс-шарасы өткізілді.

Жиынға «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Айдар Бахтыбаев, «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев және кәсіподақ активі қатысты.

Іс-шарада Айдар Бахтыбаев құттықтау сөз сөйлеп, осы маңызды салада кәсіподақ қозғалысын дамытуда ерен еңбектің үлгісін көрсетіп жүрген Түркістан облысының автомобиль көлігі және жол мекемелері жергілікті кәсіподағының» төрағасы Али Мамедовті, Түркістан облысы Әкімінің Құрмет грамотасымен марапаттады.