Шымкентте «Өзенмұнайгаз» кәсіподақ мүшелеріне арналған семинар жалғасуда

Шырайлы Шымкентте «Өзенмұнайгаз» жұмысшылары жергілікті кәсіподағының мүшелерінің үшінші легіне арналған оқу семинар-тренинг басталды.

Семинар-тренинг жұмысына 30-ға жуық кәсіподақ мүшесі қатысып, тәжірибе жинақтап, мамандардан дәріс алуда.

Семинар-тренингтің ашылу рәсіміне «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев, «Қызылорда облысы кәсіподақтар орталығы» АКБ бас маманы Майра Боранбаева және кәсіподақ активі мен мүшелері қатысты.

Екі күндік семинар-тренинг бағдарламасында тәжірибелі тренерлердің шеберлік сабақтары мен баяндамалары енгізілген. Нақтырақ тоқталсақ, кәсіподақ мүшелеріне еліміздің Еңбек заңнамасы мен оны қолдану тәжірибесі, әлеуметтік әріптестік, ұжымдық шарттарын сақтау, еңбек дауларының алдын алу және оларды басқару мен шешу жолдары, Келісім комиссиясының жұмысын ұйымдастыру, еңбек демалысы, әлеуметтік демалыс жайлы баяндама жасалды.

Тренингте Майра Боранбаева тақырып аясында баяндама жасап, жан-жақты толық түсіндіріп, қатысушыларды ақпараттандырып өтті. Ал тыңдаушылар сұрақтарын қойып, өзара тәжірибе алмасып, ойларын ортаға салып пікірталасты.