Еңбек ардагері – шебер декоратор Любовь Липинская

Шебер декоратор – бұл сәндік материалдармен айналысатын адам. Сәндік материалдарды қолдану – бұл шығармашылық процесс, онымен шығармашыл адамдар айналысады. Любовь Михайловна Липинская дәл сондай адам.

2012 жылдан бастап Любовь Михайловна облыстық қуыршақ театрында шебер-декоратор болып жұмыс істеді және бастауыш кәсіподақ ұйымының белсенді мүшесі болды. Кәсіподақ өткізетін іс-шаралар оның қатысуынсыз өтпейтін. 2022 жылдың тамыз айынан бастап құрметті демалыста.

Әріптестер Любовь Михайловнаны “білікті маман” деп айтады. Тәжірибелі шебер ретінде ол әр материалдың өзіндік қасиеттерін біледі, оны жақсы сезінеді. Шығармашылық көзқарас пен белсенді азаматтық ұстаным әрқашан жас мамандарға үлгі болады. Өз ісін ұсақ-түйектерге дейін білетін керемет әріптес.

Өзінің еңбек жолында грамоталар мен алғыс хаттармен марапатталды. Любовь Михайловна шығармашыл, сыпайы (режиссердің, актердің қалауын тыңдау және түсіну қабілеті), табандылық қасиетімен ерекшеленеді.

Қуыршақ театрының барлық ұжымы үшін Любовь Михайловнаның еңбегі жоғары деңгейдегі кәсібилік болып табылады, әріптестер оны құрметтейді және бағалайды.