Кәсіподақ балалар жылына орай тосын сый жасады

Білім кәсіподағы «Балалар жылында» балғындарға тосын сый жасады. Алға аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының ұйытқы болуымен білім беру ұйымдарында қызмет ететін кәсіподақ мүшелерінің балалары киелі Түркістан, Шымкент қалаларына танымдық саяхатқа барып келді.


Балғындар тарихи-мәдени жерлерді аралап, таным көкжиектерін кеңейтті. Жаңарған Түркістанмен танысты. Балалар бұл күндері қызыққа кенеліп, ұмытылмас әсер алғаны сөзсіз.