Кәсіподақ өкілі еңбеккер әйелдермен жүздесті

Ақтөбе облыстық кәсіподақтар орталығы жанындағы еңбекші әйелдер ісі жөніндегі комиссия төрайымы, Ақтөбе облысы әкімі жанындағы әйелдер ісі және демографиялық саясат жөніндегі облыстық комиссия мүшесі Мұхтарита Сағындықова Ойыл ауданының әйелдерімен кездесті.


Кездесу барысында комиссия мүшелері гендерлік саясаттың негізгі бағыттары, ауыл әйелдерінің кәсіпкерлігін дамыту жөнінде ақпарат беріп, қыз-келіншектердің сауалдарын, ой-пікірлерін тыңдады. Сондай-ақ, зорлық-зомбылықтың түрлері, жәбірленуші-агрессор-құтқарушы үшбұрышы туралы сөз болды. Қатысушылар осы тақырыптағы тренингке, пікіралмасуға белсене қатысты.

Бұдан соң комиссия мүшелері көпбалалы және жалғызбасты аналардың тұрмыс жағдайымен танысып, отбасының табысын көтеру бойынша ақыл-кеңестерін берді.