Шымкентте «Өзенмұнайгаз» АҚ кәсіподақ мүшелерінің біліктілігін арттыру семинары аяқталды

Шымшаһарда «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның кәсіподақ мүшелерінің 3-легіне арналған біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған семинар-тренинг аяқталды.

Семинарға «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев, «Қызылорда облысы кәсіподақтар орталығы» АКБ бас маманы Майра Боранбаева, кәсіподақ активі мен мүшелері қатысты.

Оқыту барысында «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» тақырыбы аясында, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы еңбек заңнамасы мен нормаларының сақталуын қоғамдық бақылау, өндірістегі жазатайым оқиғаларды есепке алу және тергеу, өндірістік кеңес, еңбекті қорғау бойынша техникалық инспекторлардың жұмысы жайлы баяндама жасалды.

Кездесуде аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев аталмыш семинар кәсіподақ заңнамаларына қатысты білім негізін нығайтуға мүмкіндік беретініне тоқталып, кәсіподақ мүшелеріне берілген мағлұматтардың құнды екендігін атап өтті. Төраға екі күнге созылған семинар-тренингті қорытындылап, қатысушыларға арнайы сертификаттар табыс етті.