Кәсіподақ өкілдері балаларға қуаныш сыйлады

«DENSAULYQ» денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы  Сакен Қатбаевтың бастамасымен игі шара өтті.

Шара аясында кәсіподақ басшылығының қолдауымен жаңа оқу жылында бірінші сыныпқа баратын балаларға мектепке қажетті құрал жабыдықтар толы сөмке таратылды.

Игі бастама «Бірінші сыныпқа бірінші рет!» акциясы аясында өтті.

«DENSAULYQ» қоғамдық бірлестігі көп балалы, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар, материалдық қолдауға мұқтаж отбасылардың тізімін жасаған. Нәтижесінде бірінші сыныпқа баратын 214 баланың тізімі жасақталып, оларға оқуға қажетті жабдықтар таратылды.

“Ел президенті 2022 жылды – Балалар жылы деп жариялады. Мұндағы мақсат – өскелең ұрпақты қорғау мақсатында ең алдымен денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қамсыздандыру саласында нақты іс-шаралар жасау. Қасым – Жомарт Тоқаев өз сөзінде балалардың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы – біздің жалпы ұлттық міндетіміз”, – деп баса айтты.

Мемлекет басшының балалар жылы деп жариялауының маңыздылығын қолдап, «DENSAULYQ» қоғамдық бірлестігі бұл акцияның жылда санын арттырып ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

“Айта кетейік, бұл игі шара «Бірінші сыныпқа бірінші рет!» акциясы 2021 жылы бастау алып 204 оқушыға таратылып, қазіргі кезде тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді”, – дейді «DENSAULYQ» денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сакен Қатбаев.

Айта кетейік, қайырымдылық шара аясында кәсіподақ атынан жыл басынан бері 473 отбасыға қайырымдылық көмек көрсетілді. Алдағы уақытта игі шаралар жалғасын табады.