Шымкентте көлік саласындағы кәсіподақ мүшелеріне лайықты құрмет көрсетілді

Үшінші мегаполисте «YNTYMAQ» кәсіпкерлік жұмыскерлерінің қазақстандық салалық кәсіподағы» РҚБ Шымкент қаласы бойынша филиалының құрамындағы «Shymkent Bus» ЖШС-ң бастауыш кәсіподақ ұйымымының мүшелері көлік қызметкерлері күніне орай марапатталды.

Шымкентте көлік саласындағы кәсіподақ мүшелеріне лайықты құрмет көрсетілді

Салтанатты шараға «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев, әлеуметтік әріптес – «Shymkent Bus» ЖШС-ң басшылығы, кәсіподақ қозғалысының өкілдері мен бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелері қатысты.

Мерекелік көңіл-күймен өткен іс-шарада Бауыржан Ілімшеұлы жиылғандарды атаулы мерекемен құттықтап, шаһардың жолаушылар тасымалын қамтамасыз етуде мезгілдің ыстығы мен суығына, уақыттың күні мен түніне қарамай көлік қатынасын өрге сүйреп халқымызға қалтқысыз қызмет көрсетудегі адал еңбегі үшін мекеменің 23 қызметкеріне Алғыс хат пен әрқайсысына 20 мың теңге көлемінде қаржылай сыйлықтар табысталды.

Жиын соңында салтанатты табысталған марапаттың алды көлік қатынасын өрге сүйреп, осы салада ұзақ жылдар бойы еселі еңбек етіп, жұмысында үздік нәтиже көрсетіп, үлкен жетістіктерді еңсерген, бүгінде 11 баланың әкесі – Сапарбаев Нұрдаулет Айсапарұлы «Елеулі еңбегі үшін» «Еңбек даңқы» медалімен марапатталды.