Көпке үлгі өнегелі еңбек отбасы

«Еңбек әулеттері» айдарының бүгінгі санында өнерімен елді тамсындырған Байғалиевтар әулетімен таныстырмақшымыз. Бұл әулеттің ұл қызы бүгінде түгелдей дерлік әнші, биші, театр саласының мамандары. Ұрпақтар сабақтастығының нәтижесі-ол әулеттің отбасылық ансамблі де бар. 1982 жылы құрылған отбасылық ансамбль бүгінгі күнге дейін сахна төрінен орын алып келеді. Осының мысалы ретінде табиғаттан берілген әншілік, дарындылық желісі үзілмеген отбасының кейінгі толқыны да алдыңғы буынды еркін алмастырып, ансамбль құрамы үнемі жаңартылып отыратындығын айтуға болады. Сондықтан болар, өнер айдынында еркін жүзген ансамбльдің өңір сахнасында алатын орны ерекше. Көрермен көңілін тартымды ән, отты өнерімен баурап келеді.

«Байғалиевтер» ансамблінің сахнадан саз төккеніне 40 жылдай уақыт өтіпті. Әулет атасы-Тілеген қария заманының белді әншісі болған адам. Кезінде еңбек майданының ортасында жүрген талантты ақсақалдың қазақша-орысша әндерді әдемі шырқаған естелігі әлі халық жадында.

Бүгінгі таңда әулеттің отағасы Хасанов Марат Садыков атындағы Казталов аудандық мәдени демалыс орталығының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы, 1967 жылы 27 маусымда дүниеге келген. 1985-1987 жылдары Отан алдындағы борышын өтеп, 1990 жылы Ақтөбе қаласындағы мәдени-ағарту училищесінде білім алған. 2000 жылы өз білімін жалғастыру мақсатында Б М.Өтемісів атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Дәстүрлі өнер» факультетін тәмәмдәді.

Жолдасы Хасанова Ақтолқын Ғұмарқызы 1968ж 14 сәуірде дүниеге келген. 1988ж Орал мәдени ағарту училищесінің хореография бөлімін тәмәмдаған. 1989 жылдан бері аудандық мәдениет үйінде қызмет атқарады. Өнерлі отбасы 2-ұл, 3-қыз тәрбиелеп өсірген.

Үлкен қызы Хасанова Гүлжиян Маратқызы Ақпәтер жалпы орта білім беретін мектебінде ұстаз, өз ортасында өнерімен көпті тамсандырып жүр.

Ұлы Хасанов Мерген БҚО Ғ.Құрманғалиев атындағы филармонияда “Орал сазы” фольклорлық ансамблінде қыл қобызшы болып қызмет атқарады.

Келіні Ермекбаева Перизат БҚО Ғ.Құрманғалиев атындағы филармонияда “Назерке” би ансамблінде биші. Өңіріміздің көп мерекелік шараларында өнер көрсетіп жүр.

Қызы Хасанова Нұржиян Хадиша Бөкеева атындағы Облыстық Қазақ драма театрында актриса ретінде көрермен жүрегінен жол тапты.

Бұл отбасы киелі өнермен қатар, отбасылық құндылықтарды дәріптейді.