Өмірі өнеге еңбеккер

Анджела Юрьевна Сорокина 20 жылдан астам Екібастұз қаласының «Горводоканал» МКК кәріз сорғы қондырғылары учаскесінде сорғы қондырғыларының машинисі болып жұмыс істейді.

Жұмыс орнында Анджела Юрьевна сорғы қондырғыларына, сорғы агрегаттарына қызмет көрсету, су беруді реттеу, біліктілігі анағұрлым жоғары машинистің басшылығымен қосалқы станцияда күрделі емес электр техникалық жұмыстарды орындаумен, жабдықтың жұмысындағы ақауларды анықтау және жою, ағымдағы жөндеуді орындау, қондырғылардың жұмысы туралы журналға жазба жүргізу жұмыстарын атқарады.

Ұжымда беделге ие, қойылған міндеттерді орындауға жауапкершілікпен қарайды.