Бастауыш кәсіподақ ұйымы өз мүшелеріне әлеуметтік қолдау көрсетті

Оқу жылының басталуы қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласындағы «№1 Автобус паркі» АҚ кәсіподақ ұйымының шешімімен балалары 1-сыныпқа баратын кәсіпорынның 49 қызметкеріне материалдық көмек бөлінді.

Кәсіподақ комитетінің төрағасы Валерий Исаковтың айтуынша, мұндай әлеуметтік қолдау жыл сайын беріліп отырады. Кәсіподақ мүшелері болып табылатын көпбалалы 9 қызметкерге 30 мың теңге, қалғандарына 20 мың теңгеден берілді.

Өз кезегінде кәсіпорын қызметкерлері кәсіподақ ұйымына шынайы ризашылықтарын білдірді.