Кәсіби мерекеге орай марапаттар табысталды

«Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Айдар Бахтыбаев, Құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Түркістан облыстық филиалының төрағасы Абдурайра Манахов «Құрылысшылар күні» кәсіби мерекесіне орай «Түлкібас ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» КММ-нің қызметкерлеріне құрмет көрсетіліп, салтанатты құттықтау іс-шарасы өткізілді.


Іс-шарада салалық кәсіподағының төрағасы Абдурайра Манахов құттықтау сөз сөйлеп, осы маңызды салада кәсіподақ қозғалысын дамытуда ерен еңбектің үлгісін көрсетіп жүрген Түлкібас ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы Газиза Акимбековнаны «Елеулі еңбегі үшін» медалімен марапаттады.