ҚР Кәсіподақтар федерациясы Төрағасының Спорт күнімен құттықтауы

Құрметті спортшылар, жаттықтырушылар және спорт саласының қызметкерлері!

Сіздерді Спорт күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл күн денсаулық, сергектік және дене мәдениетін, салауатты өмір салтын насихаттайтын мерейлі мереке.

Қазақстандықтардың басты міндеті – спортты жетілдіру арқылы күшті, салауатты және толыққанды қоғам құру болып табылмақ.

Денесі саудың жаны сау! Ал спорт – салауатты болу өнері, онсыз мықты және толыққанды адам болмайды.

Осы мерекелік күні барша спортшыларды, жаттықтырушыларды, дене шынықтыру қозғалысының белсенділерін, спорт мектептерінің оқушыларын және қалың көпшілікті Спорт күнімен шын жүректен құттықтай отырып, баршаңызға зор денсаулық, толағай табыс, отбасылық бақыт тілеймін!

Құрметпен, ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин