Еңбек адамы – Дүйсенов Ержан Науқанбайұлы

Еңбек еткен адамның қор болмайтыны белгілі. Бүгінгі мақаламыз өзінің еңбек сүйгіштігінің арқасында, бір ұжымның мақтанышына айналып отырған кейіпкеріміз Ержан Дүйсенов туралы өрбімек.

Ержан Науқанбайұлы 1963 жылы 20 маусымда бұрыңғы Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласы, Оранғай ауылында дүниеге келді.

1980 жылы Оранғай ауылындағы М.Әуезов атындағы жалпы орта мектепті бітіріп, 1982 жылы Түркістан индустриалды педагогикалық технукумында «Техник механик және Оқу өндірістік шебері» мамандығы бойынша оқыды.

1987 жылы еңбек жолын Түркістан қаласындағы индустриалды педагогикалық техникумында комсомол комитетінің хатшысы қызметінен бастады.

1997-2002 жылдары Жамбыл атындағы колхозда механик.

2002 жылдан бастап М.Әуезов атындағы жалпы орта мектепте директордың шаруашылық істері орынбасары қызметін атқарып, 2012 жылдан бастап шеберхана меңгерушісі болып қызмет етуде.

2017 жылдан бастап, ұжым мүшелерінің ұсынуымен Ержен Науқанбайұлы бірауыздан «Бастауыш кәсіподақ ұйымының» төрағасы болып тағайындалды.
Алға қойған мақсаттарына қол жеткізу жолындағы табандылық пен ерінбей еңбек етуінің арқасында көптеген жетістіктерге жетіп, білікті маманның қажырлы еңбегі ескерусіз қалмаған.

2014 жыл Ауыл әкімі атынан «Құрмет грамотасы», 2017 жыл Қала әкімі атынан «Алғыс хат», 2021 жыл Облыстық Білім беру бөлімі атынан «Алғыс хатпен мараптаталды.

Сонымен қатар бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы ретінде кәсіподақ қозғалысын дамытуға сүбелі үлес қосып. ерен еңбектің үлгісін көрсеткені үшін салалық кәсіподақтың Алғыс хаттары мен «Кәсіподаққа сіңген еңбегі үшін» төсбелгісінің иегері атанды.

Жұмысында беделді Ержан Науқанбайұлы бір шаңырақтың иесі. Сәуле есімді жары екеуі 3 қыз, 2 ұл тәрбиелеп өсірді. Олардан 9 немере сүйген үлгілі отбасы.