Келісу комиссиясы жұмыс сапасының арттырылуы жайлы кездесу өтті

Қызылордада білім саласы қызметкерлері кәсіподағы ұйымдастыруымен өткен еңбек дауларын қарау Келісу комиссиясы жұмысы бойынша курстың қорытынды сабағына Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Мақсұт Нәлібаев қатысты.

Бірлестік төрағасы тыңдаушыларға заң талаптарына сәйкес түсіндірме жасап, саладағы еңбек қатынастары мәселелері жайлы сұрақтарға жауап берді. Кездесу барысында бірлестік төрағасы Келісу комиссиясы мүшелерінің біліктілігін арттыру маңыздылығын атап өтіп, еңбек дауының алдын алу, еңбек қатынастары мәселелерін келісімдер мен Ұжымдық шарттар тәртібімен қарастыру мәселелері туралы ой пікірімен бөлісті.

Кездесуде Қызылорда облыстық білім және ғылым қызметкерлері салалық кәсіподағының жыл сайынғы іс-шаралар жоспарына сәйкес келісім комиссиясының жұмыс принциптерін түсіндіру бойынша жұмыс берушілер мен жұмысшылар өкілдерімен семинар-кездесулердің тұрақты өткізілуін жоспарлап отырғандығы жеткізілді.