Кәсіподақтардың күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды

Ағымдағы жылдың 25 тамызында Қостанай облысының Кәсіподақ орталығында Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырыс жұмысына облыстың салалық және жергілікті кәсіподақтарының аумақтық құрылымдарының төрағалары қатысты.

Отырыс аясында “Қызмет” салалық кәсіптік одағының Қостанай облыстық филиалының төрағасы Әсет Досекенов Филиалдың қызметі туралы айтып берді. Оның айтуынша, “Қызмет” салалық кәсіподағы мүшелерінің саны 6580 адамды, кәсіподақтардың 407 бастауыш ұйымын, 4 қалалық және 16 аудандық филиалды құрайды, бұл облыстың барлық мемлекеттік мекемелері санының 75% – ын құрайды. Ұжымдық шарттармен қамтылғандар-100%.

Ағымдағы жылдың сегіз айында 4 жаңа бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылды. Еңбекті қорғауға көп көңіл бөлінеді. Ағымдағы жылдың есепті кезеңінде өндірістік жарақаттанудың бірде-бір жағдайы тіркелмеген. Қазіргі уақытта 13 бастауыш кәсіподақ ұйымында өндірістік кеңестер құрылды.

Әсет Досекенов атап өткендей, “Үздік ұжымдық шарт” байқау-конкурсының 1-кезеңіне қатысу үшін БПҰ-дан 7 өтінім келіп түсті, конкурсқа қатысушылар облыстық комиссияға жұмыс көрсеткіштері туралы қажетті құжаттар, фото, бейне материалдар ұсынды. Алдағы уақытта Комиссия облыстағы Үздік ұжымдық шартты анықтайды.

Филиал қызметінің негізгі басымдығы кәсіподақ мүшелерінің денсаулығы болып табылады. Бастауыш кәсіподақ ұйымдары сауықтыру және демалыс жұмыстарын жүргізеді, кәсіподақ мүшелеріне жолдама құнынан 20% жеңілдікпен санаторий-курорттық жолдамалар беріледі. 2022 жылы Қазақстанның шипажайларына (“Сосновый бор”, “Көктем”, Алматы қ.) кәсіподақтың 75 мүшесі келді. “Жайлау” шипажайында қысқа мерзімді бағдарлама бойынша (2-ден 5 күнге дейін) 176 адам демалды. Кәсіподақ мүшелерінің балаларын сауықтыруға ерекше көңіл бөлінді. Жазғы демалыста сауықтыру лагерлерінде 139 бала толық демалды.

“Біздің алдымызда кәсіподақ құрылымдарын заманауи жағдайларға, трендтер мен уақыт сын-тегеуріндеріне бейімдеу, азаматтардың кәсіподақтарға деген сенім деңгейін, кәсіподақтардың мәртебесі мен беделін, кәсіподақтар қызметінің тиімділігін және қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау деңгейін арттыру міндеті тұр”, – деп қорытындылады Әсет Досекенов.

Күн тәртібіне сәйкес атқару комитетінің мүшелері бірқатар мәселелерді қарастырды. Кәсіподақ орталығының төрағасы Ирина Аронова қатысушыларды ҚРКФ “Кәсіподақ жұмысының апталығы” республикалық акциясы туралы, салалық және жергілікті кәсіподақтардың филиалдарымен бірлесіп кәсіпорындар мен кәсіподақ ұйымдарына бару кестесі туралы хабардар етті.

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының хаттамалық тапсырмалары туралы Үйлестіру кеңесінің мүшелерін төраға орынбасары Әсет Исмағамбетов хабардар етті.

Отырыс барысында Үйлестіру кеңесінің мүшелері күнделікті жұмысқа қатысты бірқатар өзекті мәселелер бойынша сөз сөйлеп, толыққанды жауаптар алды.