«Қызмет» кәсіподағы әлеуметтік қолдау көрсетті

«Мектепке жол» акциясы аясында «Қызмет» салалық кәсіподағының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалы төрағасының орынбасары Әлима Бекназарова «ҚР ІІМ емханасы бар орталық госпиталь» ММ бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелерімен кездесті.

Салтанатты жиынға «ҚР ІІМ емханасы бар орталық госпиталь» ММ басшысы Аманжол Бәйменов, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіподақтар орталығы төрағасының орынбасары Қайрат Сұлтаналин қатысты.

Елордалық филиал атынан Әлима Бекназарова кәсіподақ мүшелерінің 1 сыныпқа баратын балаларына құттықтау хат пен материалдық көмек берді.

Өз сөзінде Әлима Бекназарова: «Мектепке жол» дәстүрлі республикалық қайырымдылық акциясы аясында «Қызмет» салалық кәсіподағының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалы тарапынан әлеуметтік қолдауға мұқтаж кәсіподақ мүшелерінің балаларына материалдық және өзге де көмек көрсету бойынша жүйелі жұмыс ұйымдастырылуда. Бүгін «Қызмет» салалық кәсіподағының елордалық филиалы атынан бірінші сынып оқушыларын осы айтулы оқиғамен құттықтағым келеді. 1 қыркүйек-ең жарқын да қуанышты мерекелердің бірі. Осы айтулы күні балалар алғаш рет мектеп табалдырығын атап, жаңа білімге толы таңғажайып әлемге есік ашады. Бірінші сынып оқушыларына олардың әр күні қызықты оқиғаларға, қуанышты жеңістер мен жетістіктерге толы болуын тілеймін. Оқу өз мақсаттарыңа сенімді жетуге жетелесін»,-деді.

Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіподақтар орталығы төрағасының орынбасары Қайрат Сұлтаналин қатысушыларға Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының атқарып жатқан қызметі туралы баяндады. Және еңбек адамының құқықтары мен мүдделерін қорғауда Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіподақтар орталығы мен «Қызмет» салалық кәсіподағының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалымен бірлескен жұмысы туралы айтып берді.

Осы күні оқу жылы бойы жақсы нәтиже көрсеткен кәсіподақ мүшелерінің балалары да назардан тыс қалған жоқ.

«ҚР ІІМ емханасы бар орталық госпиталь» ММ басшысы Аманжол Бәйменов аз қамтылған отбасылардан шыққан кәсіподақ мүшелерінің үздік оқитын төрт оқушысына уақытша пайдалануға арналған компьютерлерді тегін тапсырды.

Өз кезегінде бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Әсем Балтабаева кәсіподақ атынан осы отбасыларға компьютер мониторларын табыс етті.

Сонымен қатар, акция аясында «ҚР ІІМ емханасы бар орталық госпиталь» ММ бастауыш кәсіподақ ұйымы биыл балалары 1 сыныпқа баратын кәсіподақ мүшелері болып табылатын 10 қызметкерге отыз мың теңгеге ақшалай сертификаттар табыс етті.